"Бақыттылардың" дiнi...♥
"Бақыттылардың" дiнi...♥

Мен алғаш намаз бастағанымда, жасы да кәрісi де: "Сен әлi жассың ғой", "зейнетке шыққанда намаз оқып, орамал тағып үлгересің ғой", "жас кезде қалaған киiмiңдi киіп, қыдырып қал"... "Әлде...бiр қиындыққа тап болдың ба?", "үй-iшi аман ба?денсаулығың бәрі дұрыс па? бiреу қысым көрсеткен жоқ па?"- деп сұрақ астына алып, таңырқай да таңдана да қарайтын. 
Бірақ, ол уақытта 12 мүшем сау, Әке-шешем, үй-iшiм аман-есен, өзім мектепті "үздік" бiтiрiп, Ұлттық университетте грантта оқитын едім, қазір де әлhамдулиляh, жағдайым жақсы!

Осыдан түйгенім: жұрттың ойынша, дiндi тек күнәһәр немесе қиындыққа душар болған, бақытсыз, ауырған не сектаға кiрiп кеткен адамдар ғана ұстанады екен...
Сонда адамзаттың ардақтысы, алдыңғы және кейінгі күнәлары кешiрiлген, сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың сәлемі болсын) неге түнімен аяғы iскенше намаз оқыды? Неге бізге ақиқат дiндi жеткізу үшін, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырлыды ? Неге күнiмен, түнімен Аллаға жалбарынып, "Үмметім, үмметiм" деп кетті...?! Ақша, байлық, атақ- мансап үшін болса, құрайыштың байлары: "Сұрағаныңды берейік, уағыздама, дiнiңнен бас тарт" дегенде келiсер едi ғой... Патшалардан артық өмір сүруге мүмкіндігі бола тұра бас тартты...

Ақиқат жеткен, оны түсінген адамға ғаламның ғажаптарын усына жыйып берсең де ақиқаттан бас тартпайды.

Алла Тағала адам баласын ТЕК құлшылық ету үшін жаратты. Құран ақыл иелеріне түскен. Ес-ақылы дұрыс емес, ақыл тоқтатпаған, есінен алжасқан адамдар діннен сұралмайды. Сондықтан, ақылы барлар, ақиқатты түсінгендер барынша өзін Жаратқанды разы етіп өмір сүргісі келеді. Ол жиhад жасап өзіңді жару емес, Алланың бұйырғандарын орындап, тыйғандарынан тыйылып, ата- анаңды құрметтеп, айналаңдағы адамдарға барынша жақсы мәміледе болып, қолыңнан келгенше қол ұшын созып өмір сүру. Алланың бізге берген сансыз нығметтерiне (жұтқан ауа, басқан жер, күнделікті ризық- несібе, бейбіт өмір, денсаулық, уақыт, иман, бәле-жаладан аманшылық,тағысын тағы) ризашылық бiлдiрiп, шүкіршілік етіп, соны түсiнетiн ақыл, жүрек, ми бергенiне рахметiмiздi айтып, сәждеге бас қою. 

Бақыт-Исламда.Ислам- кiршiксiз, таза, бейбiтшiлiк, жақсылық дiнi. Бақытты исламның сыртынан iздеп жүрген адам адасады.

Шындығына келгенде, "нағыз бақытсыз адам" дүниеге не үшін келгенiн, өмірге келген мақсаты не екендігін, кiм жаратқанын, қайда баратынын білмеген ,және ол туралы пiкiрлеп, бас қатырмаған бейқам адам...


Бақытсыздардан болып қалмайық, бақыттылар!

Амангүл Мадетханның қызыАмангүл Мадетханның қызы
9 лет назад 3252
2 комментария