Мешітке байланған сәби жүрегі...♥
Мешітке байланған сәби жүрегі...♥

Рамазан айының бiрiншi күні 5 жасар сіңiлiмдi ертіп, мешітке алып барып едім. Бiзбен бірге тұрып намаз оқыды. Имамның ауызынан естіген Құран сүрелерiн әлi ыңылдап айтып жүр. Мешітке ғашық болып қалыпты.  Енді күнде "мешітке барайықшы" деп қолқа салады.  Бүгін тарауыққа бара алмайтын болдық десем, жыламсырап: "Негеее? Мешітке барғым келеді, мешіт жақсы"-дейді 
Барлық сәби дүниеге мұсылман болып келеді. Бірақ, ата-анасы оларды мұсылман, христиан, иудей етіп тәрбиелейді деген хадис бар. Сондықтан, балаларыңызды кiшкентайынан Алланың үйіне апарыңыздар. Балаңыз айтқаныңызды жасай бермейді, бірақ, жасағаныңызды айнытпай жасайды.  Дiни тәрбиені өзіңіз беріңіз,өзіңіз үлгі бола бiлiңiз, сонда әртүрлі ағымның жетегінде кетпейдi. 
Ин ша Алла.
Айтпақшы, Астанадағы бiз барған Әзірет Сұлтан мешiтiнде сiз намаз оқып жатқанда сәбиiңiзгe бас-көз болатын мешіт шәкірттерi бар.  Алаңдамай 20 рәкағат тарауығыңызды оқи берсеңіз болады. Алла отбасыларыңызға береке берсін! Иманды, салиқалы ұрпақтарымыз көп болсын!

 

Амангүл Мадетханның қызыАмангүл Мадетханның қызы
1 год назад 739
7 комментариев